Ғалымдар теңіз маржандарын сақтап қалудың тың әдісін ойлап тапты
Австралия ғалымдары теңіз маржандарын жаһандық жылынудан қорғау үшін тың әдіс ойлап тапты.
Жәндіктерге майы көп арнайы азық беру көзделген. Осылайша маржандарды аптап ыстық кездері судың қызуынан сақтамақ. Дегенмен, сарапшылар оларды қорғау үшін, ең бастысы, ауаға парниктік газдарды шығаруды азайту қажет дейді.