Ауғанстанда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты

Ауғанстанда жойқын зілзаладан опат болғандар саны 2 мың 445-ке жетті.

Жермен-жексен болған Герат қаласында үйінді астынан құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Құрбандар саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Қазір әр түрлі дене жарақаттарын алған 9 мыңға жуық тұрғын дәрігерлердің қарауында деді,-жергілікті билік өкілдері. Осыдан екі күн бұрын Герат қаласында жер сілкінді. АҚШ Геологиялық қызметі оның күші 6,3 балға дейін жетті, деп хабарлады. Осының салдарынан, 1 мың 300-ден астам үй қирап, жермен-жексен болды.44444