Үндістанда су тасқынынан 82 адам опат болды
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Үндістанның Сикким штатындағы алапат тасқыннан көз жұмғандар саны 82-ге жетті.
140 адам із-түзсіз жоғалған. 3 мыңға жуық саяхатшының апат салдарынан қозғалысы бөгелді. Бірақ зардап шеккен жоқ. Ресей елшілігінің мәліметінше, 3 турист тасқын орын алған аймақтан тікұшақпен эвакуацияланды. Олар бірнеше күн бойы Лачен қаласында оқшауланып қалған. Енді Гантек қаласына автокөлікпен жеткізіледі дейді. Жойқын су тасқыны Лхонақ көлінің сағасынан асып кетуінен болды. Толассыз жауған жауын онсыз да мәз емес жағдайды ушықтырып жіберді.