Гонконгта әуе қатынасы тоқтады
Гонкогта «Коину» дауылы күшейіп, барлық жол қозғалысы мен әуе қатынасы уақытша тоқтатылды.
Жолаушылар әуежайда рейстерін сағаттап күтуге мәжбүр. Метеорологтардың мәліметінше, күшті желдің екпіні сағатына 90 шақырымға жеткен. Жергілікті билік тұрғындарға көшеге шықпауды ескертті.
Айта кетейік, «Коину» дауылы 5 қазанда Тайваньның оңтүстік бөлігінде ойран салып, 1 тұрғын көз жұмып, тағы 430-ы зардап шеккен болатын.