Ганалық суретші 2 млн бөтелке қақпағынан мозаика жасады

Лондондағы Тейт заманауи өнер галереясында 2 миллион бөтелке қақпағынан жасалаған ерекше мозаика қойылды.

Өнер туындысының авторы – ганалық суретші Эль Анацуи. Ол қайта өңделген бөтелкелердің қақпағын және түрлі-түсті матаны пайдаланып, Африка, Еуропа және Американың тарихын суреттеген. Сондай-ақ инсталляция мигранттардың саяхатын да бейнелейді.