Мексикада дауылдан бір адам қаза тапты

Мексиканың Тынық мұхиты жағасында «Лидия» дауылы соғып, Наярит штатында 1 адам опат болды.

Аймақ губернаторының айтуынша, тас жолда жоғары жылдамдықпен келе жатқан көліктің үстіне ағаш құлаған. Екпіні сағатына 110 шақырымнан асқан күшті жел электр желілерін үзіп, жүздеген адам жарықсыз қалды. Дүлей дауыл аймаққа нөсер жаңбыр ала келген. Метеорологтар "жергілікті өзен арнасынан шығып, су тасқыны болуы мүмкін" деп қазірден ескертіп жатыр.