Бейжің жазбалары. Оқығаның өзіңе жақсы (ФОТО)
Қытай астанасы Бейжің қаласына жолымыз түскен бір сапарда қытай мәдениетінің бізге беймәлім тұстары жайлы жазуға тырыстық.
Озық экономика – озық маман. Қытайды алға оздырған осы ма дейсің?!
Өйткені халықтың тұрмысы тәуір, көлік алу оңай болғанмен оны жүргізуге рұқсат алу оңай емес дейді. Бармақ басты, көз қысты өтпейді. Жолда кептелістің болмауы, көліктердің ырғақты қозғалысы соның арқасы, білем.
Сиань теміржол кәсіптік-техникалық колледжі Қазақстан азаматтарын да оқытқысы келеді. Қазір Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы ұлтық техникалық университетпен студент алмасу жайын талқылап жатыр. Яғни студенттер бұл жақта екі жыл, ол жақта екі жыл оқыса деген ниет бар.
Бұл оқу орны колледж деген аты болмаса 15 мың студент білім алатын іргелі орталық. Оқыту үдерісі дәл теміржол бойында жұмыс істеп жүргендей жағдайда өтеді. Электровоздарды, пойыздарды басқару кабиналары, жалпы теміржол бойындағы барлық керек-жарақ осында тұр. Толық станциялар жасақталған. Өзіндік теміржолы да бар. Метро мамандары да сол жерден шығады.
Ең бастысы заманауи тар табанды теміржолда жүру, пойыздарды соған сай икемдеу үдерістері де қамтылған.
"Бір белдеу – бір жол" жобасы бірнеше елді қамтитындықтан өзге елдердің, оның ішінде Қазақстанның болашақ теміржолшыларын бірге дайындаудың тиімділігі зор – дейді колледж мамандары.
Жалпы Қытай оқуға, әсіресе маман дайындауға ерекше көңіл бөлетіні байқалады. Бір ғана Бейжіңде 94 университет бар.
Арман Әмен,
«Хабар-24» арнасының редакторы
(Басы мына жерде. Жалғасы бар)