NASA астероидтан алынған топырақты Жерге жеткізді
«Бенну» астероидының 60 грамм топырағы Жерге жеткізілді.
NASA ғалымдары оны 8 жыл ғарышта болған «Осайрис Рекс» ғарыш аппаратының көмегімен алдырды. Бастапқы зерттеу нәтижесі бойынша "Бенну" аспан денесі, су мен, көмір-тегіге аса бай екен. Сондықтан ол - Жердің бір бөлшегі болуы мүмкін деген тұжырым жасалды. Сондай-ақ мамандар әкелінген затқа түрлі терең сараптама жасау Жердегі тіршіліктің қалай басталғанын және Күн жүйесінің қалыптасуы мен даму жолын анықтауға мүмкіндік береді деп отыр. Айта кетейік, Бенну Жерге жақын орналасқан астероид.
Дэниэл Главин, ғалым:
“Көміртек Жердегі тіршілік үшін өте маңызды. Біздің ағзамыз көміртегіге негізделген. Сондай-ақ көміртек, сутегі, оттегі, азот және күкіртпен әрекеттесіп, биологиялық қосылыстар, соның ішінде ақуыздарымыз бен ферменттеріміздің маңызды бөлігі – аминқышқылдарын түзеді. Демек Бенну сияқты астероидтар мұхиттарға су жеткізіп, басқа да химиялық заттармен қамтамасыз ете алады деген жорамалымыз бар. Зерттеу барысында осыны әлі де тексеріп көргіміз келеді".