«Бір белдеу, бір жол» бастамасының қатысушылары мен Қытайдың сауда айналымы артты

«Бір белдеу, бір жол» бастамасына қатысушы елдер мен Қытай Халық Республикасының арасындағы сауда айналымы биыл 6 пайызға ұлғайды.

Бұл 10 жыл бұрынғы көрсеткіштен 2 есе көп. Бастамаға қатысушы мемлекеттер жыл басынан бері Шанхай порты арқылы құны 2 миллиард доллар тұратын металл мен кен импорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 70%-ға артық. Жаңа энергетикалық көлік құралдарының экспорты да өскен.