Пәкістанда жол апатынан 12 адам көз жұмды

Пәкістанның Синд провинциясында жолаушылар отырған жүк көлігі мен автобус соқтығысып, 12 адам қайтыс болды.

Оның 7-еуі оқиға орнында жан тапсырып, қалған 5 кісі ауруханада көз жұмған. Тағы ауыр жарақат алған 11 адам шұғыл ауруханаға жеткізілді. Билік құрбандар саны артуы мүмкін деп ескертті. Полицейлер жүк көлігінің жүргізушісін кінәлап отыр. Өйткені ол қарсы бетке шығып кеткен.