Үндістанда жолаушылар пойызы апатқа ұшырады
Үндістанда жолаушылар пойызы шойын жолдан шығып кетіп, 4 адам көз жұмды.
Тағы 70 кісі жараланған. Олардың 31-і ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға Бихар штатындағы Рагунатпур бекетіне жақын маңда болған. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, Нью-Дели - Ассам бағытында келе жатқан пойыздың барлық 21 вагоны жолдан шығып, 2-уі аударылған. Вагондар арасында қалған жолаушыларды құтқару ісі әлі жүріп жатыр. Апат себебі әзірге белгісіз.