Ауғанстандағы зілзаладан соң тұрғындар далада түнеп жүр
Ауғанстанның Герат провинциясында тұрғындар кеше болған зілзаладан кейін ашық аспан астында түнеп жүр.
Себебі адамдар жерасты дүмпулері қайталана ма деп қорқады. Мәліметке қарағанда, жақында ғана табиғи апаттан соң тағы 5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Өткен сенбі күні Ауғанстанның осы Герат аймағында 6,3 балдық зілзала болып, 1 мыңнан аса адам опат болды. Тағы 2 жарым мыңға жуық тұрғын жараланған. 10-нан астам елдімекен толығымен қирады.
Абдул Кадир, жергілікті тұрғын:
- Алғашқы жер сілкінісінен кейін дүмпулер жиіледі. Қатты қорқып қалдық. Бірнеше күн бойы көлікте түнеп жүрміз.