Ford компаниясының қызметкерлері шеруге шықты
Американың Кентукки штатында «Ford» компаниясының қызметкерлері шеруге шықты.
Басты талап – жәрдемақы мен жалақыны өсіру. Әйтпесе, бәрі жұмыстан кетпек. Бірақ «Ford» басшысы Джим Фарли қызметкерлердің талабын орындау мүмкін емес екенін алға тартып отыр. Себебі мұндай жағдайда компания банкротқа ұшырайды, - дейді ол.
Шеру 4 аптаға жалғасады. Қазір зауыт жұмысы тоқтап тұр. Айта кетейік, бұл зауыт – «Ford» компаниясының Луисвиллдегі жүк көліктер шығаратын ең ірі филиалы.