Таяу Шығыста қарулы қақтығыстың әзірге тоқтайтын түрі жоқ
Израиль армиясы Бас штабының мәліметі бойынша, шабуыл салдарынан 1 300-ге жуық азамат қаза тапты.
3 мыңнан астам адам зардап шеккен. Ал Палестина билігі құрбандар саны 1,5 мыңға жеткенін хабарлады. 6 мыңнан астам адам жарақат алыпты. Бүгін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Палестина ұлттық автономиясының басшысы Махмұд Абаспен және Иордания Королі екінші Абдалламен кездеседі. Тараптар қақтығысты тоқтату мәселесін талқылайды. Сонымен қатар Газа секторында кепілге алынған 10 шақты адамды босату жолдарын қарастырады.