Лондонда Walt Disney мерейтойына арналған көрме ашылды
Бүгін Лондонда Уолт Диснейдің 100 жылдық мерейтойына арналған тарихи көрме ашылды.
«250-ден астам экспонат келушілерге ерекше әсер сыйлайтыны сөзсіз», - дейді ұйымдастырушылар. Атап айтқанда, фильмдер мен анимациялық таспалардан естелік артефактілер және реквизиттер ұсынылады. «Күнбикенің аяқ киімі» сияқты таңғажайып костюм элементтері де бар. Ал интерактивті қондырғылар арқылы әр адам өзін мультфильм кейіпкері ретінде сезіне алады.
Айта кетерлігі, барлық экспозицияны жинауға 4 жылдай уақыт кеткен. Бұған дейін дәл осы көрме Филадельфия мен Мюнхен тұрғындарына ұсынылды.