Францияда терроризмге қарсы операция режимі енгізілді

Францияда оқу орнында педагогке пышақпен шабуыл жасаған қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 51 жастағы француз тілінің мұғалімін өлтіріп, тағы 2 адамды жаралаған. Құзырлы орган қаскөйдің аты-жөнін анықтады. 20 жастағы жігіт бұған дейін құқық қорғау мекемесінің қара тізімінде болған. Мамандардың айтуынша, қатыгездікпен жасалған шабуыл лаңкестік әрекет болуы мүмкін. Сол себепті Үкімет елде терроризмге қарсы операция режимін енгізді.