Бангладеш ірі жел электр станциясы іске қосылды
Бангладеш ірі жел электр станциясын іске қосып, осындай жолмен қуат өндіретін мемлекеттер клубының мүшесіне айналды.
Ауқымды жоба Қытайдың қаржылай қолдауымен жүзеге асырылған. Кокс-Базар аймағында орналасқан нысан 22 турбинадан тұрады. Олар жылына 145 миллион киловатт сағат энергия өндіріп, 100 мың үйді электр қуатымен қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек елдің көмір тұтыну көлемі қысқарып, мемлекетте ауаға шығарылатын көмірқышқыл газы 110 тоннаға азаяды - деп отыр жергілікті билік.