Герат тұрғындары көмекке мұқтаж

Зілзаладан зардап шеккен Герат тұрғындарына суық түскенше көмек көрсету қажет.

БҰҰ босқындар жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасы 14,4 млн доллар қаражат бөлу керек дейді. Қазір апаттан зардап шеккен мыңнан астам тұрғын көмекке мұқтаж. Оларға ең алдымен азық-түлік, ауызсу, жылытқыш пен жылы киім жеткізу керек.

Өткен аптада Ауғанстанның батысында алапат жер сілкінісі тіркеліп, 3 мыңға жуық адам қаза тапты. 2 мыңан астам кісі жарақат алған болатын.