Астрономдар Күннің тұтылуын тамашалайды
Бүгін Күн сақина тәрізді тұтылады.
Сирек кездесетін құбылысты тамашалау үшін астрономдар Колумбияның Татакоа шөліне жиналып жатыр. Осы уақытта ай Күнді маңайлап өтеді. Бірақ көлемі кішкентай болғандықтан, Күннің бетін толық жаба алмайды. Бұл кезде аспаннан от сақинасы тәрізді пішінді тамашалауға болады. Аспан әлемін зерттеушілердің айтуынша, Колумбияда Күн соңғы рет 1998 жылы тұтылған.
Диана Лусеро Роджас, астрофотограф:
- Бұл – сирек кездесетін құбылыс. 2005 жылы да Күннің жартылай тұтылуы болды. Бірақ анық байқалмаған соң тамашалай алмадық. Енді Күн планетасында от сақинасы 2038 жылы жүріп өтеді, бірақ оны тек Амазонка арқылы ғана көруге болады.