Панама-Ситиден Тампаға бет алған ұшақ шұғыл жерге қонды
Панама-Сити -Тампа бағытына ұшқан әуе көлігі шұғыл жерге қонды.
Оған борт ішінде «жарылғыш зат бар» деген ақпарат себеп болды. Осыған байланысты құзырлы мекеме мамандары тексеріс жүргізіп, жағдайды бақылауға алды. Нәтижесінде әуе көлігінде ешқандай жарылғыш зат жоқ екені белгілі болды. Қауіп төндірген зат ересектерге арналған жөргек екені анықталды. Сондықтан рейс қайта қалпына келтірілді.
Хосе Кастро, әуежайдың қауіпсіздік жөніндегі басшысы:
- «Жарылғыш зат бар» деген ақпаратты қабылдай салысымен қауіпсіздік хаттамасы бойынша ұшақтың Панама халықаралық әуежайына кері қайтуын талап еттік. Бірнеше сағат транспорт қауіпсіз жолақта бақылауда болды. Полиция қызметкерлері, жедел топтар мен кинологтардың көмегімен белгісіз зат анықталды. Алаңдайтын ештеңе жоқ.