Ауғанстанның батысында тағы да жер сілкінді
125 тұрғын жарақаттанып, 2 адам қаза тапты.
Дүмпудің магнитудасы – 6,5 балл, деп мәлімдеді мамандар. 7 қазан күні де аймақта жойқын зілзала болып, 2,5 мыңнан аса адам опат болған еді. Тағы 2 мыңға жуық тұрғын жарақат алды. Герат қаласына жақын маңдағы 10-нан астам елді мекен жермен-жексен болған.