Климаттың өзгеруі: болжамдар жаға ұстатады
Ұлыбританияда кейінгі уақытта ереуілдер жиілеп кетті.
Оған қымбатшылық, еңбек жағдайының нашарлауы секілді мәселелер себеп. Енді солардың қатарына климаттың өзгеруі де қосылуы мүмкін. Жергілікті ғалымдар осылай деп отыр. Айтуларынша, жаһандық жылыну кесірінен егіннің аз шығу қаупі басым. Соның салдарынан ұн, макарон өнімдері мен жарма секілді азық-түліктердің тапшылығын туындатады. Ал мұның соңы Ұлыбританияда жаппай ереуілдер мен тәртіпсіздіктерге әкеп соға ма деген қауіп бар. Сол себепті сарапшылар мәселені 2 түрлі әдіспен шешуді ұсынды. Алдымен азық-түлік жетіспеушілігіне қарсы шара қабылдау, аз қамтылған отбасыларды қажетті өнімдермен қамтамасыз ету. Екіншісі – тозған топырақты қалпына келтіру арқылы агросекторды дамыту.