Бельгияда әлемнің алғашқы энергетикалық аралы құрылады
Бельгияда әлемнің алғашқы «энергетикалық аралы» The energy island құрылады.
Бұл туралы Europuls хабарлады. Жоба келер жылы басталып, 2026 жылы қолданысқа беріледі. Ол ел жағалауынан 45 шақырым жерде орналасады. Жасанды аралға «Элизавета Ханшайымның» есімі берілмек. Тың жоба жақын маңдағы жел электр станцияларында өндірілген энергияны таратып, шығынды азайтады. Арал, сонымен қатар Дания мен Ұлыбританиядағы қолданыстағы жел диірмендері секілді жел энергиясын қабылдап, оны жылдам таратуға мүмкіндік береді.