Иорданияны құмды дауыл басты
Иорданияның Азрак қаласын құмды дауыл басты.
Шаһар ел астанасынан 100 шақырым жерде орналасқан. Ұйытқып соққан алапат дауылдың күшті болғаны сонша ғимараттар мен көліктердің іші топыраққа толып қалған. Тіпті көшеде жүру, көлік тізгіндеу мұң болды. Төтеншеліктер тұрғындардан сыртқа шықпай, үйде болуын сұрайды.