Вашингтонда Түркі елдерінің фестивалі өтті

АҚШ астанасы Вашингтон қаласында Түркі елдерінің фестивалі өтті.

Жиналаған  қауымға қазақ, түрік, әзербайжан және өзбек халқының өнері мен мәдениеті кеңінен таныстырылды. Ұйымдастырушылар биылғы фестивалді 20 мыңнан астам адам келіп тамашалады дейді. Шараға жыл сайын Америкада тұратын қазақтар мен отбасы мүшелері де белсенді қатысады. Мәселен,  қазақ келіні америкалық Лена Нилас жиналаған көпшілікке "Қамажай" билеп, ұлттық мәдениетімізді паш етті. Ленаның айтуынша оның мақсаты жергілікті халыққа  қазақ халқының бай өнерін таныстыру.

Лена Бауыржан Нилас, фестивальге қатысушы:

«Мен Қазақстанға саяхаттап барғым келеді. Өзім көріп, жақынырақ таныссам деймін. Қазақтың салт-дәстүрлерін аздап білемін, өйткені күйеуім үнемі айтып отырады».