Испания жағалауында 341 мигрант құтқарылды

Испания жағалауында 341 мигрант құтқарылды

Канар аралдарында 341 мигрант құтқарылды.

Оның 12-сі кәмелетке толмаған бала, 23-і әйел адам. Босқындар Оңтүстік Сахарадан Еуропаға қарай 4 шағын қайықпен шыққан. Елдің жағалау күзеті мигранттарды жақын маңдағы порттың біріне жеткізді. Испания Ішкі Істер министрлігінің мәлімдеуінше, көші-қон мәселесі әлі де ушығып жатыр. Келімсектер саны күн санап артуда, дейді.