Еуропадағы ескі су бөгеттеріне жөндеу жүргізіледі
Еуропа өзендеріндегі бөгеттердің сыры кетіп, қараусыз қалған.
Сол себепті экологияға қауіп төніп тұр. Ал оның шешімі қайта жөндеу. Еуроодақ сарапшылары осылай дейді. Әсіресе Испания мен Эстонияда мұндай мәселе жиі кездеседі. Мамандар ондағы судың сапасын жақсартып, өзен флорасы мен фаунасының жойылу қаупінің алдын алуға кірісіп кетті. Мәселен, өткен жылы Еуропада 330-дан астам бөгет жойылды. Мұның үштен бірі Испанияға тиесілі. Енді 2030 жылға қарай өзендердің 25 мың шақырым аумағын түрлі кедергіден босатуды жоспарлап отыр.
Пао Фернандес Гарридо, Бөгетті жою бойынша Еуропа ұйымының мүшесі:
- Бөгеттер судың сапасы мен жерасты суларының деңгейіне әсер етеді, каналдар мен жағалауларды тоздырады. Қоныс аударатын балықтар популяциясының азаюына, тіпті жойылуына әкеледі. Сондықтан бұған назар аудару керек.