Франциядағы 12 әуежайда эвакуация жүргізілді
Франциядағы 12 әуежайда жарылыс қаупіне байланысты эвакуация жүргізілді.
Бұл туралы Le Figaro хабарлады. 9 әуежайға күдік туғызған электрондық хат келіп түскен. Сол себепті Франция билігі шұғыл шешім қабылдап, әуе айлақтарында жұмысты уақытша тоқтатты. Тек 3 әуежайда ғана ұшу-қону рейстері жүргізіліп жатыр.
Өткен аптада Аррастағы мектеп оқытушысына пышақпен шабуыл жасалған еді. Қаскөй педагогті аяусыз өлтіріп, тағы 2 адамды жарақаттады. Қылмыс лаңкестік әрекет ретінде тіркелді. Содан бері қоғамдық орындарда «жарылғыш зат қойылған» деген үрей туғызатын хабарламалар саны артқан. Қазір елде терроризмге қарсы операция режимі енгізілді.