Румыния мен Болгария Шенген аймағына кіруі мүмкін

Румыния мен Болгария Шенген аймағына қосылуы мүмкін.

Дауыс беру желтоқсанда өтеді. Түпкілікті шешімді қабылдауға Одаққа мүше 27 елдің бәрі қатысуға тиіс. Бірақ қазірдің өзінде Австрия Шенген аймағының кеңеюіне қарсылық білдіріп отыр. Ресми Вена Румыния мен Болгариядан заңсыз мигранттардың көп келетінін алға тартады. Десе де  бұған дейін Еурокомиссия төрағасы Урсула Фон дер Лейен осы екі елдің барлық талапқа сай екенін айтқан болатын. Жалпы Шенген келісімі еуропалық интеграцияның ең айқын жетістігі деп саналады. Төлқұжат-визалық бақылау жеңілдетілген аймақта 400 миллионнан астам азамат тіркелген.