Судандағы қақтығыс: мыңдаған баланың өміріне қауіп төніп тұр
Хартум қаласындағы қақтығыстан қашқан жүздеген босқынның жағдайы ушығып барады.
Тұрғындар эль-Гезира мен Оңтүстік Кордофон аймақтарына орналасты. Суданның түкпір-түкіпірнде мектептер жабылды. Милиондаған бала үйден шықпауға мәжбүр. Көмек көрсетілмесе, мыңдаған баланың өміріне қауіп төніп тұр. Бұдан өзге, қызылша өршіп, тырысқақ, денге безгегі де белең ала бастаған.
Елдегі қарулы қақтығыс сәуірде басталған болатын. Содан бері 6 миллионға жуық тұрғын босқынға айналды.