АҚШ-та бюджет тапшылығы $1,7 трлн-ға жетті
АҚШ-та бір жыл ішінде бюджет тапшылығы 320 миллиард долларға ұлғайды.
Сөйтіп, қазір көрсеткіш 1 триллион 700 миллиард долларға жетті. Бұл – жалпы ішкі өнімнің 6,3%-і. 2023 қаржы жылының қорытындысы осындай. АҚШ-та ол 30 қыркүйекте аяқталады. Сарапшылар бұған салықтан түсетін ақшаның азаюы, сондай-ақ пайыздық мөлшерлеменің көтерілуі себеп дейді. Мұның алдындағы қаржы жылы жағдай мүлде басқаша еді. Ол кезде пандемиядан кейін ел эконмоикасының қалпына келуіне байланысты бюджет тапшылығы керісінше екі есе азайған.