Еуропада «Бабет» дауылы ойран салды

4 адам опат болған.

Күшті желмен қоса нөсер толастамай, Ұлыбританияда қауіптіліктің ең жоғарғы деңгейі жаряланды. Швецияда теміржол қатынасы, кешігіп жұмыс істеп тұр. Данияда әуе сапарлары кейінге шегерілді. Ал Германияда 2 мың адам үй-жайын тастап, қауіпсіз жерге көшірілген.