ЕО-да шекарадағы бақылаудың жаңа жүйесі іске қосылады
Еуроодақта келер жылдың екінші жартысынан бастап шекарадағы бақылаудың жаңа жүйесі іске қосылады.
Сөйтіп, одақ құрамына кірмейтін елдерден келген азаматар үшін тексеру енгізіледі. Бұл – қауіпсіздікті күшейту мақсатында қабылданып отырған шешім. Негізі жаңа талап былтыр енгізілуі керек еді. Алайда техникалық қиындықтарға байланысты кейінге шегеріліп келді. Еуроодақ аумағына өткен азаматқа қатысты мәлімет 3 жыл бойы сақталады. Десе де жаңа ережелер бірлестікке мүше 8 елде қолданылмайды.