Германияға бір айда 21 мыңнан аса адам заңсыз өткен

Қыркүйекте Германия аумағына 21 мыңнан аса адам заңсыз өткен.

Бұл – кейінгі 7,5 жылда болмаған ең үлкен көрсеткіш. Миранттар нөпірінің толастамауы көктемнен бері жалғасып келеді. Көші-қон мәселесі билікті алаңдатып отыр. Сондықтан бірер күн бұрын неміс елі Швейцария, Польша мен Чехия шекарасындағы бақылауды күшейтті. Заңсыз миграцияға тұрғындар да алаңдаулы. Осыған байанысты халық арасында «Германия үшін балама» партиясының танымалдығы артып келеді. Бұл саяси бірлестік көші-қон мәселесіне қатысты қатаң саясат ұстанады.

Босқындар Испанияның да бас аурына айналды. Мемлекетке тиесілі Канар аралдарына кеше мыңнан аса заңсыз мигрант келген. Көбі – әйелдер мен балалар. Канар аралдары Африканың солтүстік-батыс жағалауына жақын орналасқан. Сондықтан бұл құрлықтан Еуропаға бет алған азаматтар алдымен осында табан тірейді. Сөйтіп, жыл басынан мұнда 24 мыңға жуық мигрант келген. Бұл былтырмен салыстырғанда 80%-ке көп.