Климаттың өзгеруі Еуропадағы туризмге кесірін тигізіп тұр
Климаттың өзгеруі Еуропадағы туризмге қауіп төндіріп тұр.
Биыл ала жаздай күн ыстық болды. Жаз былай тұрсын, күздің өзінде рекордтық температуралар тіркеліп, жұрттың мазасын қашырды. Орман өрті жиіледі. Мұның бәрі жергілікті тұрғындармен қатар сырттан келген демалушылар үшін де қолайсыздық тудырды. Бүйте берсе қарттар немесе бала-шағалы отбасылар Еуропаға саяхаттай қоюы неғайбыл деген күдік бар. Айта кеткен жөн, кәрі құрлықтағы көп мемлекет үшін туризм табыс көзі саналады. Былтыр 900 миллион саяхатшының 585 миллионы осында демалған. Еуроодақтың жалпы ішкі өнімінің 5 пайызын осы сектор қамтамасыз етіп отыр.