Сеулде Бибігүл Смақованың көрмесі өтіп жатыр
Сеул тұрғындары Қазақстан табиғатымен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оңтүстік Кореяда Бибігүл Смақованың жеке көрмесі өтіп жатыр. Оған шебер өзінің 30-ға жуық туындысын алып келген. Бұл – қазақстандықтардың портреттері және Шығыс Қазақстан мен Алматы облысының таулар мен дала бейнелері.
Бибігүл – кәсіби суретші. Бірақ 25 жылға жуық ол республиканың Төтенше жағдайлар министрлігі жүйесінде қызмет етті. 5 жыл бұрын ол бейнелеу өнеріне қайта оралды. Содан бері оның суреттері Еуропа мен Азия көрмелеріне қойылды. Бибігүл Смақова май және акрилмен сурет салады.
О Ян У, көркем галереясының директоры:
- Бибігүл Смакованың суреттері сезімге толы. Ол бірден байқалады. Жалпы бұл көрмеде Қазақстан табиғатын, отбасылық қарым-қатынасты, суретшінің басынан өткен оқиғаларды көруге болады. Суреттер философияға толы, осы тұрғыдан алғанда, туындылар өте тамаша.
Бибігүл Смақова, суретші:
- Сеулге келіп, көрме өткізуді көп армандадым. Жергілікті тұрғындарға ұлттық ерекшелігіміз ұнайды. Сондықтан жерлестеріміздің портреттері мен бейнелерін, пейзаждарын, табиғат бейнелерін көбірек әкелуге тырыстым.