Аргентинада президенттік сайлаудың екінші туры өтуі мүмкін
Доданың алдын ала қорытындысына қарағанда билік басындағы "Отан үшін одақ" коалициясының үміткері Серхио Масса 36 пайыз дауыс жинап алға шыққан.
Екінші орында 30,5 пайыз дауыспен либертариандық партия өкілі Хавьер Милей келеді. Ал оппозиция кандидаты Патрисия Буллрич дауыс берушілердің 24 пайызын ғана жинаған. Сайлаудың келесі кезеңі 19-шы қарашаға белгіленген. Аргентина көп жылдан бері экономикалық дағдарысты бастан кешіп келеді. Салдарынан халықтың 40 пайыздан астамы кедейшілікте өмір сүруде.
Блиц:
- Бұл сайлаудан үмітім зор. Додаға түрлі саяси бағытты ұстанатын партиялардың өкілдері қатысып жатыр.
- Дауыс бергеніме өте қуаныштымын. Менің ойымша екінші тур өтеді. Сайыс өте тартысты болатын шығар.