Мадрид қаласында шопандар шеруі өтті

Испания астанасы Мадрид орталығына мыңнан астам қой мен ешкі айдаған шопандар шеруге шықты.

Бұл "дәстүрлі мал шаруашылығы" фестивалі аясында ұйымдастырылды. Шара жыл сайын қазанда өтеді. 1994 жылы шаруалар, малшылар құқығын қорғайтын наразалық акциясын ұйымдастырған еді. Осыдан кейін Испания соты маусымдық аралықтар кезінде, малды қала көшелеріне шығаруға рұқсат береді. Кейін бұл үрдіс дәстүрлі мерекеге айналды.