Қытай Мен Филиппин арасында ши шықты
Оңтүстік Қытай теңізінде Қытай мен Филиппиннің теңіз күштері арасында тағы да ши шықты.
Қытай тарапының мәліметінше, Филиппиндер бірнеше мәрте жасалған ескертуді елемей, теңізге кемелерін жіберген. Ал ресми Манила Қытайды халықаралық құқықты бұзды- деп айыптады. Себебі олар келісімді елемей отыр. Даулы аралда Қытай мен Филиппин арасында жыл сайын түрлі жанжал туындайды. Екі ел де теңіздегі жағалауларға иелік еткісі келіп, дауласып келеді.