Қазақстандық бишілер халықаралық сайыста өнер көрсетті

Қазақстандық бишілер Ресей астанасында өнер көрсетті.

Мәскеудегі Кремль кубогы үшін өткен халықаралық бал биі турниріне жүзден астам жұп қатысты. Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Оңтүстік Корея, Хорватия, Беларусь және Италиядан келген әртістердің еуропалық билер, латын және американдық смус бағдарламары бойынша көрсеткен ырғақты билері көпшілікті тәнті етті.  Қазақстан атынан «Әуесқойлар» категориясында Әлібек Жүсіпбай мен Айғаным Риахан жұбы сахнаға шықты. Олар 21 жасқа дейінгі әлем вице-чемпиондары. Сайыста  қазақстандық өнерпаздар  бағдарламасын сәтті көрсетті. Қазір қазақстандық бишілер Португалиядағы турнирге және Silk Way Cup әлем чемпионатына дайындалып жатыр. Бұл дода 2024 жылдың ақпан айында Астанада өтеді.

Айғаным Риахан, биші:

- Әлемдік чемпионат үш аптадан кейін болады. Ал келесі әлем чемпионаты Астана өтеді. Онда билейтін боламыз.

Әлібек Жүсіпбай, биші:

- Көрермендер де, қарсыластар да бізді жақсы қарсы алды. Көмектесетін жерінде көмектесіп, тәжірибесімен бөлісіп. Керемет. Соңғы жарыс емес деп білеміз, әлі келеміз, әлі билейміз, өз күшімізді көрсетеміз.