Түркияда Республика күні атап өтілді
Анкарада Қазақстанның Республика күніне орай салтанатты қабылдау кеші өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Атажұртты мерекемен құттықтауға Түркия өндіріс және технология министрі, парламент депутаттары, зиялы қауым мен шетелдік дипломатия өкілдері келді. Сондай-ақ Түркияда тұратын қандастарымыз бен студенттер бас қосты. Қазақстанның Түркиядағы елшілігі ұйымдастырған шарада қонақтарды ұлттық киімдегі қыз-жігіттер қарсы алып, киіз үйде, ұлттық тағамдар ұсынылды. Шараға арнайы келген Түркияның өндіріс және технология министрі екі ел қарым-қатынасының жыл өткен сайын тереңдеп келе жатқанын тілге тиек етті.
Мехмет Фатих Кажыр, Түркияның өндіріс және технологиялар министрі:
- Түркия – Қазақстан тәуелсіздігін алғаш мойындаған ел. Бұл – біз үшін үлкен мақтаныш. Біз әрқашан туыстас жұртпен біргеміз. Барлық салада ынтымақтастығымыз жоғарғы деңгейде. Оны одан әрі арттыру үшін барлық жағдайды жасаймыз. Егеменді Қазақстанның туы асқақтап, әлемге шарықтап, келешегі көріктеп, мәртебесі биіктей берсін!
Мехмет Кемал Бозай, Түркия сыртқы істер министрінің орынбасары:
- Қазақстан мен Түркия – о бастан қарым-қатынасы бауырластыққа негізделген қос ел. Ұдайы өзгеріп жатқан жаһандық геосаяси жағдайда да екі мемлекеттің байланысы қарыштап артып келеді. Бүгін, міне, бауырлас елдің қуанышына куә болып отырмыз. Осы орайда Қазақстанды және қазақ халқын Республика күнімен құттықтаймын.