Қазақстандықтарды Республика күнімен Германияның экс-президенті құттықтады
Қазақстандықтарды Республика күнімен Германияның экс-президенті Хорст Кёлер де құттықтады.
Саясаткер 2008-ші жылғы елімізге сапарын сағына еске алады. Оның айтуынша, Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері көп жетістіккке қол жеткізген. Екіжақты қарым-қатынас қарыштап дамып жатыр.
Хорст Кёлер, Германияның Федералдық президенті /2004-2010 жж./:
- Мен сіздің халықыңызды Республика күнімен құттықтаймын. Біздің елдер арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Ортақ мақсаттарымыз көп. Бірлесіп еңсеретін сын-қатерлер де бар. Мысалы, климаттың өзгеруі. Осы мақсатта мемлекттеріміз бірлесіп жасыл сутегі шығаруға ниетті. Бұл өте маңызды жоба. Ол Германияның ауаға көмірқышқыл газын шығаруды азайтуға көмектеседі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында елімізге жасаған сапарын да атап өткім келеді. Германия серіктестікті одан әрі дамытуға мүдделі.