Вашингтонда Республика күніне орай салтанатты жиын өтті
АҚШ-тағы жұртшылыққа мерекелік кеш ұйымдастырылып, Форто Трио ансамблі өнер көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Вашингтонға арнайы келген белгілі топ қазақтың халық әндерімен қатар әлемдік туындыларды орындап, көрермен қошеметіне бөленді.
Брайан Стиммлер, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Орталық Азия бойынша көмекшісінің орынбасары:
- Бүгін – өте керемет күн. Республика күні құтты болсын! АҚШ – Қазақстан тәуелсіздігін алғаш мойындаған ел. Біз соңғы 30 жыл өте тығыз байланыста жұмыс істедік. Экономика, энергетика, сауда, жалпы ауқымды салалар бойынша терең ынтымақтастық орнаттық. Сол үшін Қазақстанға ризашылық білдіреміз. Сондай ақ Қазақстанның өңірдегі маңызды рөлі, аймақ елдерін «АҚШ - Орталық Азия» форматына біріктіргені үшін рақмет айтамыз. Біз екіжақты және көпжақты байланыстарды одан әрі жандандыруға ниеттіміз.