Республика күні Сеулде атап өтілді

Биыл Оңтүстік Кореядан Қазақстанға  2022 жылмен салыстырғанда 3 есе көп турист келген.

Осы межелі көрсеткіш Республика күніне орай Сеулдегі салтанатты қабылдауда атап өтілді. Жоғары деңгейдегі байланыстар саны да артқан. Мерекелік кеште Сеулде тіркелген шет мемлекеттердің елшілері мен қазақстандықтарға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды. Келушілер арасында Инчхон-Алматы бағыты бойынша 2 әуе билетіне ұтыс ойнатылды. Концертке Корея қазақ диаспорасының өкілдері белсене атсалысқан. Сондай-ақ корей сахнасын бағындырған опера әншісі Нұрқанат Тәпиев пен қазақ жастарының арасында танымал музыкант Сон Вон Соб өнер көрсетті. Айта кетейік, жуырда Нью-Йоркте екі елдің президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёл кездескен болатын.

Нұрғали Арыстанов, ҚР Корея Республикасындағы елшісі:

- Өткен жылы сауда екі жақтағы екі есеге өсіп қазір 6,5 алты жарым миллиард АҚШ долларын құраған. Кореяның Қазақстанға жасалған инвестициясы 8,3, 9 миллиардқа дейін жеткен. Осының арқасында мына Кореядан ең үздік технологияларды тартып жатырмыз.