TikTok-тағы кеңестерге сене беруге болмайды
Әлеуметтік желіде ақпарат алғанда абай болып, ақ-қарасын ажырата білген жөн.
«TikTok арқылы психикалық денсаулыққа байланысты кеңес алудың жақсы да жаман да тұсы бар». Осылай деген АҚШ-тың психикалық сауықтыру бойынша сарапшысы Пол Гесс әлеуметтік желідегі медициналық ақпараттың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажеттігін айтады. Тиктоктағы көптеген психикалық денсаулыққа байланысты жариялаған пост авторлары кәнігі маман емес. Мәселен, PlusCare виртуалды денсаулық сақтау платформасы Тиктокта жарияланған 500 бейнероликке сараптама жасап, оның 84 пайызы ғылымға негізделмеген ақпарат екенін анықтады. Себебі кейбірі дәрігердің кеңесінсіз әртүрлі препарат ұсынған.
Цитата:
Пол Гесс, психикалық сауаттылық жөніндегі сарапшы:
- Видеолардың 54%-ында нақты ақпарат болғанымен, шамамен 14,2%-ы дәрігермен кеңеспей-ақ белгілі бір дәрі-дәрмектерді ұсынған. Сараптама бойынша оның жұртты жаңылыстырып, зиян келтіруі мүмкін екені анықталды.