Бішкекте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті

Бішкекте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиынға Үкімет басшысы Әлихан Смайылов та қатысты. Отырыста сөз алған Премьер-министр маңызды мәселелер талқыланатынын алға тартып, қабылданған шешімдер ұйымның одан әрі дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді. Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі орта мерзімге арналған бірлескен іс-қимылдардың негізгі міндеттері мен басым бағыттарын талқылады. Сондай-ақ энергетика, өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық мәселесі көтерілді.

Айта кетейік, шарада Беларусь пен Ресейдің үкімет басшылары, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы және Арменияның вице-премьері де бой көрсетті.