Еуропалық Орталық банк мәлімдеме жасады

Еуропа орталық банкі мәлімдеме жасады: мұнда рекордтық мөлшерлемені көтеру сериясы тоқтатылды.

Көрсеткіш 2022 жылдың шілдесінен бері алғаш рет өзгеріссіз қалды. Базалық мөлшерлеме 4,5% деңгейінде, депозиттер бойынша мөлшерлеме 4% деңгейінде сақталады.

Кристин Лагард, Еуропалық Орталық банк президенті:

- Басқарушылар кеңесі бүгін ЕОБ-тың үш негізгі пайыздық мөлшерлемесін өзгеріссіз сақтау туралы шешім қабылдады. Келіп түскен ақпарат жалпы инфляцияның орта мерзімді перспективаларын біздің алдыңғы бағалауымыз бойынша растады. Болжам бойынша, инфляция ұзақ уақыт бойы жоғары деңгейде сақталады.

Пайыздық мөлшерлеме көтерілді  

Түркия

Түркияның орталық банкі жылдық пайыздық мөлшерлемені 30-дан 35 пайызға дейін арттырды. Бұл соңғы 20 жылда болмаған жоғары көрсеткіш. Ақша-несие саясаты комитеті осылайша инфляцияны тежеп көрмек. Сарапшылар жыл соңына дейін елдегі инфляция деңгейі 70 пайыздан асады, деп болжайды.