Мексикада алапат дауылдан 27 адам көз жұмды

Мексикадағы алапат дауылдан 27 адам опат болды.

4 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы Мексика үкіметі мәлімдеді. Салдарынан қалада байланыс үзіліп, көліктерді су басты. Жолдар жабылып, жарық өшті. Дауыл туғызған тасқын терезені тесіп өтіп, қонақ үйдің 8-ші қабатына дейін жеткен. Акапулько курорттық мекені осылайша түгел қираған. Мамандардың айтуынша, бұл аймаққа миллиардтаған доллар шамасында шығын келген. Мұнда 900 мыңға жуық халық қоныстанған. Еске салайын, Мексикада 25 қазан күні ең жоғары 5 дәрежелі Отис дауылы тіркелді.