Түркияда өрттен елуге жуық үй күлге айналды
Түркияның Кастамону провинциясы Тосия ауданында өрт шығып, Яғжылар ауылындағы үйлердің 30 пайызы күлге айналды.
Бұл 50-ге жуық шаңырақ. От кеше түскі 4-те тұтанған. Бірнеше ірі қара және ұсақ мал тірідей жанып кетті. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен 6 сағат бойы күрескен. Әзірге жалынның неден шыққаны белгісіз. Құзырлы органдар тергеу амалдаын бастады.
Мефтун Даллы, кастамону губернаторы:
"Өрт бақылауға алынды деп айта аламыз. Оның басқа жерлерге таралу қаупі көрінбейді. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Тұғындар үйінен дер кезінде шығып үлгерген. Қанша екені әзірге белгісіз, алдын ала мәлімет бойынша, шамамен 10-15 мал қырылған".