Бразилияда құс тұмауынан итбалықтар қырылды

Теңіз сүтқоректілері әсіресе итбалықтар мен теңіз арыстандары жаппай қырылып жатыр.

Бұл туралы Бразилия үкіметі мәлімдеді. Қазан айында Рио-Гранде қаласы мен Прая-Ду-Кассиноның оңтүстік жағалауынан 500-ден астам сүтқоректінің мүрдесі табылды. Мамандар инфекцияның таралу қаупін сейілту үшін теңіздегі тіршілік иелерінің денесін тазалап, жағажайға көміп жатыр. Үкімет басындағылар тұрғындардан өлі немесе ауру жануарлардан аулақ болуды сұрады. Қазір құс тұмауы Перу, Аргентина және Чилиде де тіркелді.